Дэвид Чен София роботтың артықшылықтары туралы айтып берді

Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен Жібек жолы бойындағы қалалар мэрлерінің «Global Silk Road» форумы өтіп жатыр. Дэвид Чен робот Софиді таныстырып, оның артықшылықтары туралы әңгімелеп берді.

«Дэвид Хэнсонның ойымен құрастырылған СОФИЯ 2 ЖАСТА. Ол оны британдық актриса Одри Хепберн және өз әйелінің бейнесінде құрастырған. Роботтың көзіне екі камера орнатылған. Оның терісінің құрамында органикалық компоненттер де ерекше селиконнан жасалған», — деді ол.

Кездесу барысында елордалық жастар София роботын тексеріп, сұрақтар қойып көруге мүмкіндік алды. Оқушыларды қызықтырған сұрақтар мынадай: София Астана туралы не біледі, оған қала ұнай ма, адамның бет-әлпетін тани ала ма, ол басқа тілдерде сөйлей ала ма? Ал футболдан Әлем чемпионатын көрді ме деген сұраққа «ойланып жүрмін» деп жауап берді.

«Ол қарапайым сұрақтардың көбіне жауап берді. Сіз жақын арада күрделі сұрақтарға жауап бере алатын роботтардың жаңа үлгілерін жасай аласыз. Біз Siri бар екенін білеміз және жасанды интеллект негізіндегі банк жүйесіндегі басқа да бағдарламалар бар. Бұл бірнеше компаниялардың бірлескен жұмысының арқасында мүмкін. Менің ойымша, болашақ сіздікі, сіз одан да озық робот жасауыңыз мүмкін», — деді ол.

Кездесуге халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, гимназиялар мен лицейлердің түлектері шақырылды. Мұратжан Қыранбай  Гонконг университетінің бірінші курсында математика және статистика мамандығы бойынша оқиды. Оның сөзінше, адамзат баласы болашақта роботтармен бірге өмір сүретін болады.

«Меніңше таң қалудың керегі жоқ, Адамдар өздері осыған келе жатыр. Біз телефондарды қолданамыз, ол құрал біздің көмекшіміз. Сонымен қатар, адам кейіпті София сияқты роботтар құрастырылуда. Мен әлі нақты шешім қабылдамадым, бірақ осы салада боламын. Жасанды интеллект ол математикамен және статистикамен тікелей байланысты. Математика әлемді басқаруда», — деп айтты ол.