Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

21 маусым: Бірқатар аймақта бұршақ жауып, жел күйшейеді

Фото: Pixabay.com

Синоптиктердің болжамына қарағанда, еліміздің солтүстігінің  кей жерлерінде найзағай жарқылдап, қатты жел соғып, жауын. бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с  жетеді.

Батыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау, Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,  бұршақ болуы мүмкін.

Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысып, өрт қаупі туындауы мүмкін.

Мақалаға реакция