Ембі қалалық «Нұр» мешітінде алғаш рет қайырымдылық шарасы өтті

Мұндай ауқымды шара бүгін Ембі қалалық «Нұр» мешітінде алғаш өткізілді. Мешіт 40 отбасыға көмек көрсетті. Шараға халықтың пітірі мен басқа да қайырымдылық көмектен жиналған қаржыдан 100 мың теңге шамасында жұмсалды. Әр қоржынның салмағы — 14 кг. Осылайша, барлығы жарты тоннадан аса азық-түлік үйді-үйді таратылып, үлестірілді. Жамағат көлікпен жәрдемдесіп, игі іске атсалысты.

Бұдан бөлек, мешіт жамағатының ұйымшылдығымен тағы да 1 мұқтаж жанның қажеті өтелді. Мүмкіндігі шектеулі ауыл азаматына арба сатып әперілді. Мешіт имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов көмекті қолма-қол табыстап, сырқат бауырымыздың Алла Тағала дертіне шипа, деніне саулық бергей деп тілегін жеткізді.

Мұндай шара Хромтау ауданына қарасты Бөгетсай ауылдық «Ақ Нұр» жəне Ақжар ауылдық «Ақжар» мешіттерінде де өткізілді. 30 отбасыға 1300 келі азық-түлік берілді.