Басты бет / Жаңалықтар /
0fe8fcc740ac740aa4f794cdd4f3ac2b Бас мүфти Түркістан облысының имамдарына діни тақырыпта дәріс жүргізді
Фото: muftyat.kz

Бас мүфти Түркістан облысының имамдарына діни тақырыпта дәріс жүргізді

Бас мүфти Түркістан облысының имам-молдаларына бүгінгі дін қызметкерлерінің келбеті, жұмысқа деген жауапкершілік, дін мен дәстүрді насихаттаудың мәні мен маңызы, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімі, ислам және ғылым, қазіргі діни ахуалды жақсартудың жолдары, т.б. тақырыптар төңірегінде дәріс жүргізіп, насихатын жеткізді.

«Біз ақпарат пен технология сәт сайын жылдам дамып жатқан ашық қоғамда өмір сүріп отырмыз. Қазіргі сәттегі оқиға бірер мезеттен кейін өзінің маңыздылығын жоятын жағдайға жеттік. Біз, дін қызметкерлері уақыттың өзі талап еткен осынау үдерістермен бірге өмір сүріп, игі істер мен ізгі жұмыстарда белсенділік танытуымыз тиіс», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Айта кетейік, Шымкент шаһарындағы Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында өткен Дінбасы дәрісіне 800-ге жуық имам-молда қатысты.

 

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз