Қасиетті Рамазан айында мешітке көлік сыйлады

Қостанай облысының Таран ауданындағы «Әйет» мешітінде жергілікті халық үшін есте қаларлық үлкен оқиға болды. Осынау өңірдегі «Фаворит Голд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Илья Гребенок қасиетті Рамазан айында үлкен азаматтық көрсетті.

Ол халыққа адал қызмет көрсетіп келе жатқан аудандық мешітке «Lada Granta» жеңіл көлігін тарту етті. Көліктің кілтін белгілі дін қайраткері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзинге салтанатты түрде табыс етті.

Осындай игілікті іске мұрындық болған аудан әкімі, дін жанашыры Қуандық Еспергеновке Алланың нұры жауа берсін деген ең ізгі тілегімізді білдіреміз.