Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ауа райы тұрақсыз болады.
Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
«Суық атмосфералық фронттардың әсерінен жел күшейіп, бұршақ жауады деп болжанады. Ауа температурасының ауытқуы сақталады. Батыс және солтүстік облыстарда температура нормадан төмен түсіп, оңтүстікте және шығыста 1…3 градус нормадан жоғары болады», — деді синоптиктер.