Астанада жаңартылған энергия көздері жөнінде саммит өтеді

Қазақстанда 2030 жылға қарай баламалы және жаңартылатын энергия үлесін 30 пайызға дейін жеткізу көзделген. Мұндай энергияға деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Бұл тақырып бүгін Астанада өтетін саммитте кеңінен талқыланбақ. Шараға Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев қатысады. Германия, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты бірқатар мемлекеттен келген мамандардың бас қосуында саланың дамуы мен тиімділігі кеңінен баяндалады.

Дереккөз24.kz