Оңтүстік Кореяның экс президенті сотталды

Оған қоса, Пак Кын Хеге 18 млрд. вон (шамамен 17,5 млн. доллар) айыппұл салынды. Үкім туралы Сеулдің Орталық аудандық сотының ресми ақпараты бойынша «Yonhap» агенттігі хабарлады.

Сот Пак Кын Хе мемлекеттік құпияны жариялау, бопсалау, пара алу және қызметін асыра пайдалану сынды бірқатар айыптаулар бойынша сотталды. Бірақ, ол барлығын жоққа шығаруда.

Оңтүстік Корея Прокуратурасы 66 жастағы экс-президентті 30 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Негізінде, Пак Кын Хеге қатысты жемқорлыққа байланысты дау 2016 жылы басталған. Тергеу нәтижелері бойынша, Пак Кын Хенің жақын құрбысы Чхве Сун Силь, экс-президентпен арадағы достығын пайдалана отырып, Samsung және Lotte сияқты ірі корпорациялардан ақша бопсалаған.

2016 жылдың соңында Корея Парламенті Пак Кын Хені сотқа тартып, 2017 жылдың сәуірінде оған айыптаулар тағылған. Ал оның құрбысы Чхве Сун Силь 2018 жылдың ақпан айында 20 жылға жемқорлық пен мемлекеттік істерге араласты деген айыптаулармен бас бостандығынан айырылған. Ол сонымен қатар 16.6 млн. доллар айыппұл төлеуге міндеттелген.

ДереккөзQazaqtimes.com