Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстік өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз желдің екпіні 25 м/с болады, күндіз кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел шаңды дауылға ұласады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз желдің екпіні 25 м/с, шаңды дауыл болады, таңертең және күндіз кей жерлерінде дауыл соғады.
Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с, дауыл, күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі.
Маңғыстауда, Қызылорданың кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.