Басты бетЖаңалықтарЕлжан Біртанов...

Елжан Біртанов Премьер-Министрден көмек сұрады

«Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, облыс әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармаларының өңірлік штабтарының тиісті жұмысын және бекітілген республикалық штабтың жоспарын, тапсырмаларын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуді сұраймын. Сонымен бірге, ҚР Жедел медициналық көмек көрсету туралы қағидаларын бекіту туралы №450 бұйрыққа сәйкес, кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде медициналық көмек жақын жердегі медициналық ұйымда көрсетілуі тиіс. Облыстардың емдеуге жатқызу тәртібі туралы барлық бұйрықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына сәйкес келтірілуі тиіс», — деді министр.

Министрдің айтуынша, 2018 жылдың басынан бері өлім қаупі жоғары бактериялық менингококк инфекциясы күдігімен 593 адам қаралған және 213 адам емдеуге жатқызылған. Олардың арасында 58 науқастан менингококк инфекциясы расталды. Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар саны — 21. Бүгінге дейін он адам емдеп шығарылды және 55 науқас ем алып жатыр. Аталған сырқаттан осы уақытқа дейін 13 адам қайтыс болған: Алматы облысында — 4, Қызылорда облысында — 1, ОҚО — 2, Алматы қаласы — 6 адам. Оның алтауы балалар.

Сонымен бірге Елжан Біртанов мырза менингококк вирусына қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар тиімділігін бағалау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысына іссапарға шығады.

ДереккөзInform.kz