22 мамыр: жаңбыр жауып, дауыл болады

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында күндіз күн ыстық болады деп күтілуде.