Мазмұнға өту
Басты бет / Таным /

Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек?

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Қасиетті Рамазан айында күн ұзақ әрі ыстық болған соң қарын ашқаннан бұрын қалай шөлдемеуге болады деген мәселе бәрімізді де көбірек толғандыратыны рас. Ораза ұстағандар шөлдемеудің алдын алуға бағытталған шаралар туралы жиі айтып жатады.

Мамандардың айтуынша, ораза ұстаған кезде организм күндіз қорек алмағаны үшін бауыр ферменттерінің жұмыс істеу ритмі бұзылады да бауырдың әлсіреуіне себеп болады. Мұның алдын алу үшін бауырдың жұмысын күшейтетін бақбақ, артишок сусыны, өсімдіктер және жеміс-жидектерді пайдалану ұсынылады.

Ораза кезінде таптырмас азықтың бірі — құрма. Зерттеушілер құрманы көбірек пайдаланған адамдардың организмінде дәрумендердің азаймайтыны байқалғанын айтады.

Газдалған сусындарды пайдалануға мүлде болмайды. Газдалған сусындар организмді уақытша рахаттандырғанымен, жарты сағат өтпей денені қайта шөл қыса бастайды. Оның орнына өрік, алхоры, шиеден жасалған сусындар мен компоттарды пайдалану керек. Аталған сусындар біріншіден шөлдетпейді, екіншіден қандағы қант құрамын қалпына келтіріп, қан қысымын қалпында ұстап отырады. Осылайша, келесі күні емін-еркін ораза ұстауға мүмкіндік береді.

Ораза кезінде шөлдемеу үшін қандай азық-түлік түрлерін пайданбау керек, ал қандай тағам түрлері Рамазан айында пайдалы? Төмендегі суреттерді шерту арқылы ақпаратқа қанық болыңыздар.

Шәй, кофе, газдалған сусын ішпеген дұрыс.

337cd3453c9f5e6af487f4715bfb3570 Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек? Click to Flip
c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b 8 Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек?

Көкөністерді көбірек пайдалануға тырысыңыз.

cb42e130d1471239a27fca6228094f0e Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек? Click to Flip
c81e728d9d4c2f636f067f89cc14862c 5 Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек?

Жеміс-жидектер адам ағзасына пайдалы болғанымен, ораза кезінде шөлдетуі мүмкін.

8fa14cdd754f91cc6554c9e71929cce7 Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек? Click to Flip
a87ff679a2f3e71d9181a67b7542122c 3 Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек?

Ауыз бекітерде бір шымшым тұз салынған тұзды су ішсеңіз, күні бойы шөлдемей жүресіз.

f25b8258b6f0865c460ce3107d6f0116 Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек? Click to Flip
0cc175b9c0f1b6a831c399e269772661 2 Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек?

Ораза кезінде өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдардан бас тарту керек.

5ae136d9363e8b0e0b57018f800bd255 Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек? Click to Flip
c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b 9 Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек?

Share:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *