Республиканың тек оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы күшейіп 15-20м/с, күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с жетеді, сондай-ақ Ақмола облысында тұман күтіледі.
Павлодар облысында күндіз жел жылдамдығы 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан, Қостанай, түнде Қарағанды, Алматы, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да тұман түседі.