Алайда NSAC олардың жекпе-жегіне рұқсат бермеді, себебі GGG қарсыласының 12 раундтық жекпе-жек тәжірибесі болмаған. 5 мамырда Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) жекпе-жекке шығып екінші раундта нокаутқа түсірді.
«Бұл мен үшін үлкен жеңіс. Менің арманым орындалды. Әрбір боксшы осыны армандайды. Головкинмен жұдырықтасуға тыйым салып, осы жекпе-жектің өтуіне ықпалын тигізген NSAC ұйымына алғысым шексіз. Мен өзімді жоғарғы деңгейдегі боксшылармен шаршы алаңда кездесуге дайын екенімді көрсеттім», — дейді Мунгуйя Алимен өткен кездесуі жайлы.
29 жастағы Али WBO титулын бірінші рет қорғаған еді. Бұл белбеуді ол 12 желтоқсанда Мигель Коттоның (41-6, 33 КО) бокстан кету кешінде жеңген еді.