14 мамырға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел күшейеді. Күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с болса, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с-ке жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында найзағай жарқылайды, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, сондай-ақ Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысында да тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз найзағай ойнайды.

Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертен тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысында да найзағай жарқылдап, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.