Әсет Исекешев «Бек Эйр» экипаж мүшелерін марапаттады

«Fokker-100» әуе кемесінің екінші ұшқышы Вадим Смеречанский II дәрежелі«Айбын» орденіне ие болды. Әуе кемесінің борт серіктері Рустам Ибрагимов, Жадыра Мударисова және Александр Шестаков «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Айта кетейік, бүгін Ақордада экипаж командирі Дмитрий Родин әскери және қызметтік міндетін атқару барысындағы көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Халық қаһарманы», Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы 27 наурызда Bek Air әуекомпаниясына тиесілі «Fokker-100» ұшағы Астана әуежайына алдыңғы шассиі ашылмай, апатты жағдайда қонған болатын. Әуе кемесін командир Дмитрий Родин қондырды. Бортта экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 121адам болған. Зардап шеккендер жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, Экипаж командирі Bek Air ұшағын қалай қондырғанын айтып бергенін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөзmid.gov.kz