Басты бетАқтауда балет...

Ақтауда балет және гимнастика академиясы ашылды

«Olympus» балет және спорттық гимнастика академиясы — қаладағы тұңғыш балет мектебі. Оның ашылуына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Қарабалаев, танымал спортшылар және қала тұрғындары келді.

«Ақтау қаласында спорттық гимнастика соңғы рет осыдан 25 жыл бұрын болған. Енді академияның ашылуымен біз бұл мәселені шешімін тауып отырмыз, себебі жастар арасында гимнастикаға деген қызығушылық жоғары. Ал балет болса біздің қаламызда бұрын мүлдем болмаған. Негізінен мен бұрын дамымай қалған спорт түрлерін дамытуды қолға алу қажет деп есептеймін. Мәселен джиу-джитсу, еркін күрес MMA спорт түрлері бойынша қысқа мерзімде нәтиже шығару Дағыстан және Бразилия елінен тәжірибелі бапкерлерді алдыртып отырмыз. Олар қазір Ақтауда тұрып жатыр және болашақ чемпиондарды дайындауда», — дейді кәсіпкер Аманжол Жаңабай.

Жас кәсіпкер Аманжол Жаңабайдың айтуынша, жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр. Үш спорт залды тұрғызу үшін 360 миллион теңге жұмсалған. «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігімен сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған құралдар пайдаланылған.

Жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үш спорт залда тегін қатысу мүмкіндігі қарастырылған.