Миф: нағыз еркек — асыраушы
Еркек үйдің отағасы болғандықтан, барлық жұмысты өз мойнына алуы керек. Ол аңшылық бола ма, әлде жәй ғана ай сайын төленетін пәтерақы ма, бәрібір. Әйел адам тек қана ас үйде жүреді. Бала туып, тамақ пісіруден басқа шаруасы жоқ. Тіпті пәтерақының түбіртегін ешқашан көрмеген де. Егерде әйел адам мансапты таңдаса, еркек үй шаруасымен айналысуға дайын ба?
Шындық: нағыз еркектігін табыс деңгейi анықтамайды
Сонымен қатар, көліктің дөңгелегін ауыстыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе жаз айында демалысқа шығуы оның нағыз еркектігін дәлелдемейді. Ерлі-зайыпты бірге шешім қабылдайды. Бірақ, кеңседе отырғаннан гөрі, үй шарусы мен бала тәрбиелеу әлдеқайда қиынырақ екенін мойындау керек. Осыдан кейін нағыз еркек қандай адам болғаны?
Миф: нағыз еркек ауырсынбайды
Еркектер ешқашан физикалық ауысынуды да, рухани дертті де сезінбейді. Ер адам қай жеріне соққы алса да, ауырсынбауы қажет. Келеңсіз жағдайға тап болса да, ештеңе сезіне алмайды. Себебі оған үнемі бәрібір.
Шындық: әркімде өзінің ауырсыну шегі бар
Миф: нағыз еркек жыламайды
Ерлер кей жағдайда ғана көз жасын көрсетуі мүмкін. Мысалы: футболдан сүйікті командасы жеңіліс тапқанда немесе пияз турағанда. Басқа уақытта ер адам мүлде жыламайды. Себебі ол — нағыз еркек.
Шындық: ер адамдар да жылай алады
Еркектерде де көз жасы бездері бар. Ерлерді кішкентай кездерінен: «сен мықтысың», «ер адам жыламауы тиіс», «нағыз еркек сезімін көрсетпейді» деп тәрбиелейді. Ал шындыққа келер болсақ, олардың да жылау қабілеті бар.
Миф: нағыз ерге ешкім керек емес
Ер адамдар жалғыздықты ұнатады. Жалғыз досы ит болуы мүмкін. Еркек көп сөйлегенді ұнатпайды, демек оған достардың керегі жоқ. Нағыз еркек үй шарушылығымен айналысатын адам керек болғандықтан ғана үйленеді.
Шындық: ер адамдар достарының көп болғанын қалайды
Еркектің жанында сүйікті әйелі жатса, әлдеқайда жақсырақ ұйықтайды. Ғалымдардың мәлімдеуінше, үйленген ерлер бойдақтармен салыстырғанда ұзақ өмір сүреді екен. Себебі оған қамқор болатын әйелі бар. Ал, аңшылық, балық аулау, достарымен саяхаттау секілді басқосуларды кез келген ер адам жақсы көреді.
Миф: нағыз еркек әйелін тыңдамайды
Әйел адамның айтқанын тыңдау — осалдылықтың белгісі.
Шындық: бастық болу үшін жынысың маңызды емес
Ер адам өз жұмысында бастық болуы мүмкін. Бірақ отбасы мәселесіне келгенде, ерлі-зайыпты шешімді бірге қабылдайды. Бұл әйел адам үйде бастық дегенді білдірмейді. Ер адам әйелінің ойымен санасып, ақылын тыңдау әр ер адамның қолынан келе бермейтін дүние.