Ер адам
©flibusta.site

Толық ер адамдарға киімді қалай таңдау қажет?

Тартымды көрінгіңіз келсе, дене бітіміңіздегі кемшіліктерді іздеуді доғарыңыз. Басқалар сізге сүйсініп қарағанын қаласаңыз, алдымен өзіңізді сол қалпыңызда қабылдай біліңіз. Егерде толық болсаңыз, сіздің фигураңызды жинақы, ыңғайлы әрі стильді киім үлгілерін таңдап киіңіз. Жарасымды киім сенімділігіңізді арттыра түседі.

Толық ер адамдарға киім үлгісін дұрыс таңдау неліктен маңызды?

Толық адамдар өздерін қоғамда ыңғайсыз сезінеді. Олар үнемі көзге түсетіндіктен, сөзге ілініп: «Неге көп тамақ жей береді? Диета ұстамай ма? Сеп-семіз екен» деген секілді сұрақтарды жиі естиді.

Артық салмақтан арылу керек, әрине. Мәселе тек жұрттың сөзінде емес, себебі денсаулығын да сақтау қажет. Бірақ, «арықтаған соң әдемі киімдер киетін боламын» деп армандаудың қажеті жоқ. Әдемі киінуді қазірден бастау қажет.

Егерде арық немесе денесі шыныққан ер жігіт қандай киім кисе де, көзге түсе бермейді. Ал, дәл сол киімді толық адам киіп алса, бірден көзге түсіп қалары анық.

Мұндай сөздерді есту оңай емес. Бірақ өзіңізге көңіл бөлетін уақыттың келгенін дер кезінде түсінгеніңіз жөн.

Ірі еркектерге киім таңдарда неге мән беру қажет?

Киім таңдарда мына 4 қағиданы ұстаныңыз:

1. Киім әдемі жарасу керек

Толықтығыңызды жасыру үшін, өзіңізге үлкен киімді алмаңыз. Себебі мұндай қылығыңызбен өзіңізге екі есе көңіл аудартасыз. Киім сізге тырысып немесе салбырап тұрмауы қажет. Егерде дүкендерден өзіңізге жарасымды киімді таба алмасаңыз, онда киім тігетін ательеге барып, өзіңізге шақ қылып тіктірткеніңіз жөн.

2. Қарапайым киім үлгісін таңдаған абзал

Дене бітіміңіздің арқасында, сіз онсызда әсерлі көрінесіз. Демек, киім кию үлгіңіздің қарапайым болғаны дұрыс. Жарқын түсті, суреттері бар киімдер киюден аулақ болыңыз.

3. Матасы жұқа, жеңіл киім киіңіз

Қалың матадан тігілген киім, сіздің өлшеміңізді екі есе үлкейтеді. Мұндай киім кисеңіз тез ыстықтап, өзіңізді қолайсыз сезінетін боласыз. Сондықтан жеңіл, жұқа киімдер киюге тырысыңыз.

4. Фигураңызды тартудан аулақ болыңыз

Ішіңізді тартып тұратын корсет, арнайы іш киім киюдің қажеті жоқ. Себебі оның тигізер пайдасынан, зияны көп.

Толық ерлерге арналған киім: жақсы, онша емес, өте жаман болып 3-ке бөлінеді:

Жақсы киім

Дұрыс таңдалған киім жинақылықты білдіреді. Әдемі болып көріну үшін сізге костюмдер мен спорттық пенжектер көмектеседі.

Джинсыдың орнына мақтадан немесе жүннен тігілген бос пішімді шалбар киіңіз. Оған үйлесімді етіп ұзын пальто кисеңіз байсалды көрінесіз.

Онша емес киім

Матасы жұмсақ, пішінсіз киім кию қауіп төндіруі мүмкін. Свитер сатып аларда мұқият болыңыз. Себебі барлық киім үлгісі сізге жараса бермейтінін естен шығармаңыз. Спорттық киім сіздің фигураңызды пішінсіз етіп көрсетеді. Сондықтан оны тек жаттығуға барғанда ғана кигеніңіз жөн.

Өте жаман киім

Сізге мүлдем киюге болмайтын киімдер: белі төмен шалбар, тырысып және қолыңыз бен аяғыңызды ашып тұратын киім. Қолыңыз бен аяғыңызды тым ашық қып көрсететін болсаңыз ол жиіркенішті көрінуі мүмкін. Ең дұрысы — ұзын шалбар мен жеңі ұзын сырт киім.

1. Белбеудің орнына подтяжка тағыңыз

Белбеу толық ерлердің белдерінде дұрыс тұрмайтындықтан, оны тағудың пайдасы аз. Егерде белбеудің орнына подтяжка тағатын болсаңыз, шалбарыңыздың түсіп кетпейтініне кепіл бар. Одан бөлек, подтяжка тағатын ерлер өте сымбатты көрінеді.

2. Жағасы акула тәріздес жейдені таңдаңыз

Акула — жағасы үшбұрыш немесе домалақ, көлемі қысқа әрі ұзын болып келеді. Өзіңізге ұнаған түрін таңдап алыңыз. Мұндай жейде сізді ажарлы етіп көрсетеді. Оған жалпақ галстук тақсаңыз әдемі жарасады. Себебі жіңішке галстук сіздің мойныңызда күлкілі көрінеді.

3. Қалпақ (шляпа) киіңіз

Қалпақ — кез келген киімге жаңашылдық беретін элемент. Қалпақ киіп, стильді екеніңізді көрсетесіз.

4. Сақал өсіріңіз

Сізге ұзын, қалың сақал өсірудің қажеті жоқ. Одан да қысқа, тиянақты алынған сақал сіздің бетіңіздің томпақтығын сәл де болсын кішірейтіп көрсетеді. Бірақ сақалға ерекше күтім керек. Әдемі қырқылған сақалды толық еркек — стильді еркек, ал күтім көрмеген сақалды толық еркек — еріншек.