«Мен Қазақстандықпын» клубының отырысы өтті

Іс-шараның мақсаты — Қазақстан халқының ұлттары арасында бірлік пен құрмет құндылықтарын тәрбиелеу, ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлерді зерттеуге ынталандыру, жастардың мәдени көкжиегін кеңейту.

Отырыс барысында қатысушылар 4 топқа жеребе арқылы бөлініп, ұлттарды таныстыру бойынша тимбилдингке қатысып, сондай-ақ әртүрлі ұлттардың танымал тұлғаларын таныстырды.

Қатысушылар бір-бірімен әртүрлі тілде сәлемдесуді үйренді және де өзге ұлттың ойындарын ойнап, әлемнің әртүрлі халықтарының көптеген өзгешеліктерін танып білді.

Кездесу соңында Бірлік клубының мүшелеріне сертификаттар табысталды.

Дереккөзkazinform.kz