Бүгін Астанада денсаулық акциясы өтеді

Акцияны Денсаулық сақтау басқармасы мен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ұйымдастырып отыр. Аталмыш іс-шараның мақсаты  — скринингтік тексеруден уақытылы өту қажеттілігі туралы азаматтарды ақпараттандыру, алуан түрлі қоғамдық институт өкілдерінің қан айналысы жүйесін аурудан сақтандыру бойынша жұмысқа тарту. Бұл жұмыс жүрек-тамыр ауруларының ауыртпалығын төмендетуге бағытталған.

«Хан Шатыр» ОССО-да акция шеңберінде кардиолог, невропатолог, экдокринолог, нутрициолог, ЕДШК дәрігері қабылдайтын «Денсаулық қалашығы» есіктері ашылады. Мұнда келушілер артерия қысымын өлшей алады, қандағы глюкоза және холестерин деңгейін анықтай алады, дене массасының индексін біле алады. Сондай-ақ, тәжірибелі мамандар қонақтарға артерия гипертониясы, инфарктің алғашқы белгілері туралы әңгімелеп береді, АҚ  дұрыс өлшеуді үйрететін болады.

Айта кетейік, акция «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

ДереккөзKaztag.info.kz