«Сәуірдің соңғы күндері атмосфералық ауа ағындарының әсерінен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауады деп күтілуде.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және орталық өңірлер жоғары атмосфералық қысым алаңында болғандықтан жаңбыр кей жерлерге ғана жауады.
Сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 22…33 градусқа дейін жетеді»,-деп жазылған хабарламада.
1-2 мамыр күндері еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, екпінді жел тұрып, ауа температурасы төмендеуі ықтимал.