Не болды?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы чайлдфри идеологиясына қатысты үкім жариялап, саналы түрде балалы болудан бас тарту ислам қағидатына сай келмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ғұламалар кеңесінің қорытындысында ерлі-зайыптының белгілі бір себеппен бала сүюді уақытша кейінге қалдыруына рұқсат етілетіні айтылған. Алайда тұрмыстық қиындықтан немесе жауапкершіліктен қашу мақсатында әдейі балалы болмау шариғатта құпталмайды.
ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі бұл ұстаным исламдағы отбасы құндылығына қайшы келетінін айтты.
Пайғамбарымыздың хадистерінде мұсылмандарды отбасы құрып, ұрпақ қалдыруға үндейтін өсиеттер бар. Сондықтан балалы болудан саналы түрде бас тарту шариғатта құпталмайды және сүннетке сәйкес келмейді», – делінген ресми хабарламада.
Мүфтият чайлдфри идеологиясына діни тұрғыдан теріс баға берді. Дегенмен Қазақстан заңнамасы азаматтардың бала сүю немесе одан бас тарту мәселесіндегі жеке таңдау құқығын шектемейді.
Контекст
«Чайлдфри», «кішкентай ата-ана» ұғымы жайлы толығырақ мына жерден оқыңыз.
