Байқоңыр қай жерде орналасқан?

Байқоңыр – ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі. Бұл ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Жалпы көлемі 6,7 мың км жерді алып жатыр. Алматыдан Байқоңырға дейін арақашықтық — 1406,3 км.

Байқоңырдың ерекшелігі қандай?

Байқоңыр планетамыздағы ең алғашқы ғарыш айлағы және ол қазіргі таңда ең үлкен ғарыш кешені. Жерден ұшырылатын ғарыш кемелерінің төрттен бірі Байқоңырдан ұшырылады. 1955 жылы Төретам кентінің жанынан ғарыш айлағының құрылысы басталды. Бір қызығы бастапқыда ғарыш айлағының аты Байқоңыр емес, Тайга деп аталып, құпия түрде жүзеге асырылған.

Батыс барлау қызметтерінің назарын басқа жаққа аудару үшін Төретамнан 400-дей шақырым жерде орналасқан Байқоңыр ауылының жанынан жалған ғарыш айлағын сала бастаған. Бірнеше жыл бойы ғарыш саласына байланысты барлық құжаттарда сол Байқоңыр ауылы аталып келген. Осылайша Тайга атауы Байқоңырға айналып кеткен. Бұл оқиға Гагарин ұшқаннан кейін болған. 1957 жылдың 4 қазан күні Байқоңырдан жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды. Жер серігінің атауы Спутник бір болды. Спутник бір диаметрі жарты метрлік сфера пішіндес болған және антеналар мен радио қабылдағыштардан тұрған. Спутник сигнал таратып, жерді 1440 рет айналған.

Әлемдегі ең үлкен ғарыш айлағы қалай ұйымдастырылған?

Байқоңыр бұл көптеген құрылыстардан тұратын гиганттық кешен, біртұтас қала. Байқоңырдың ауданы 6717 шаршы шақырымды құрайды. Оның аумағындағы көлік жолдарының ұзындығы 1000, ал теміржолдың ұзындығы шамамен 500 шақырым. Байқоңырда зымыран тасығышатарға арналған 9 старттық кешен бар. Бүгінгі күні олардың ішіндегі ең танымалы Союз және Протон. Старттық кешендерден бөлек Байқоғырда көптеген монтажды сынаушы корпустар бар.

Әлемнің түкпір-түкпірінен Байқоңырға келіп шынайы ғарыш аппаратын өз көздерімен көргісі келетіндер өте көп. Бүгін де ғарыш айлағы Қазастан Республикасының меншігінде. Алайда оны Ресей 2050 жылға дейін жалға алған. Әрине әлемде үлкен, заманауи ғарыш айлақтары жетерлік. Алайда тек Байқоңырдан ғана орбитаға ғарыш станцияларының экипаждары ұшырылады. Байқоңыр осыдан жарты ғасыр бұрын салынса да әлі күнге дейін барша адамзаттың ғарышқа арналған ең негізгі есігі болып қала беруде.

Қалай жетуге болады?

Алматыдан Байқоңырға ұшақпен жетуді ойласаңыз, әуе билетін бірінші Қызылорда қаласына аласыз. Өйткені Байқоңыр қаласына тікелей баратын әуе рейстері жоқ. Қызылорда әуежайына жеткеннен соң, әрі қарай пойызбен немесе автобус, таксимен барсаңыз болады. Алматы мен Қызылорда арасы 1133,7 шаршы шақырым. Алматыдан Қызылорда қаласына 1 сағат 12 минутта ұшып барасыз.

 

Егер пойызбен баруды жоспарласаңыз, онда Алматы вокзалынан Байқоңырға Төретам станциясына дейін тікелей жүретін күнделікті пойыздар бар. Сонымен қатар аталмыш станцияға билеттер болмай қалған жағдайда пойыз ауыстырып жете аласыз. Яғни, әуелі Қызылорда вокзалына, сосын Байқоңырға жол тартасыз. Пойызбен діттеген жеріңізге 22 сағатта жетесіз.

Автобуспен жолға шығатын болсаңыз әуелі «Сайран» автобекетіне барып, «Алматы-Қызылорда» бағытындағы автобусқа отырасыз. Өйткені тікелей Байқоңырға жол жүретін автобус жоқ.

Қызылорда қаласына жеткеннен соң арықарай пойызбен немесе автобуспен барсаңыз болады. Қызылордадан Байқоңырға дейінгі қашықтық — 254 км. Жалпы, пойызбен барсаңыз тез жетесіз. Ол үшін алдын ала пойыз билеттерін алып қойғаныңыз жөн. Пойызбен 3-3,5 сағатта, автобуспен 3 сағатта жетесіз. Егер пойыз, автобуспен жол жүру тиімсіз деп санасаңыз көлікті жалға алу арқылы баруға болады.

Байқоңыр туристік аймақтың бірі болғандықтан, мұнда қонақүйлер де бар. Қаланың кез келген жерінен қалтаңыз көтеретіндей бағада таба аласыз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!