Басты бетЖаңалықтарМамыр айында...

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Сәуірдің соңында қазақстандықтар бір сенбіні (28 сәуір) жұмысқа арнайды, ал оның орнына дүйсенбі күні – 30 сәуірде демалады. Сәуірдің соңы мен мамырдың басы 3 күн қатарынан демалыс, бұл ретте 29 сәуірден бастап, 1 мамыр қоса есептеліп отыр.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде де осылай болады. Сенбіге келген 5 мамырда адамдар жұмысқа шығып, есесіне 4 күн қатарынан демалады. Яғни 6 мамырдан бастап 9 мамырды қоса есептегенде демалыс күндері болып есептеледі.

Дереккөзkazinform.kz