Отан қорғаушылар күнінде не сыйлауға болады?

Сағат

Көпшілік жақыныңа сағат сыйлауға болмайды, сағат тоқтаған сәтте қарым-қатынастарың да тоқтап қалуы мүмкін деп жатады. Бұл дәстүр бізге көршілес Қытай елінен келген. Осы елдің тұрғындары сыйға алынған сағат – жерлеу рәсіміне шақыру деп түсінеді екен. Алайда, ер-азаматтар үшін сағат маңызды аксессуар болып табылады. Егер жақыныңызға сағат сыйлағыңыз келсе, одан ақша талап етіңіз. Мейлі, қанша теңге болса да, сағатты сыйладым деп емес, саттым деп есептесеңіз болады. Осылайша, жаман ырымнан құтылып, жақсы сыйлық беруге болады.

Қолсағат

Кітап

«Кітап ескірсе де, қазынасы ескірмейді». Кітапты әмбебап сыйлық ретінде кез келген мерекеде, кез келген адамға сыйлауға болады. Кітап сыйлау дәстүрі ешқашан сәннен шыққан емес. Тек кімге қандай кітап сыйлау керек екенін зерттеп алсаңыз болғаны. Кітап оқуды ұнатпайтын адамның өзі қызығушылығына байланысты ақпаратқа толы кітаптан бас тарта қоймас. Сондықтан, кітап сыйлауда сыйлық алушының көзқарасы мен қызығушылықтарын ескерген жөн.

Кітап

Жанкүйерлерге арналған сыйлық

Жігіттердің көпшілігі спортқа, әсіресе, футболға қызығады. Әрқайсысының сүйікті құрамасы мен ойыншысы болады. Жақыныңыз жанкүйер болып жүрген футбол командасының туы немесе логотипі бейнеленген кез келген сыйлық ол үшін құнды болмақ. Және осындай сыйлық беру арқылы сіз оның көзқарасын құптайтыныңызды, қызығушылығын құрметтейтініңізді аңғарта аласыз.

Әмиян

Ер-азаматтар ақшаға, құжатқа келгенде ұқыпсыздық танытып жатады. Сондықтан әмиян — жігіттер үшін таптырмас сыйлық. Қазір нарықта әмиянның түр-түрі бар. Көлемі үлкені, кішісі, қазақы нақыштағы әмияндар мен адамның есімі жазылған әмияндар сұранысқа ие. Ғаламтор арқылы қаланың кез келген жерінен тапсырыс беріп арнайы жасатып алсаңыз да болады.

Әмиян

Галстук және жеңілгек (запонки)

Ер жігіттің бейнесін танытатын тағы бір зат — галстук. Кез келген жігітті жинақы, стильді етіп көрсететін бұл аксессуар ер-азаматтардың өмірінде үлкен рөл ойнайды. Сондықтан, галстук таңдағанда аса абай болған жөн. Галстукке арналған қыстырғыш пен жеңілгектер де таптырмас сыйлық болары анық.

Галстук