Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстік аймақтардың кей жерлерінде ылғалды қарға айналатын жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда температура -5 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 0-8 градусқа дейін төмендейді.

Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті антициклон қалыптасып, оның жылжуына қарай солтүстік-шығысқа найзағайлы жаңбыр және республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысына күннің суытуын алып келеді. 19 сәуірде түнде және таңертең жаңбырдың сулы қарға айналуы мүмкін.