1. Couchsurfing

Бұл — саяхатшылардың барған қаласынан жаңа достар табуға ыңғайлы бағдарлама. Халықаралық деңгейдегі бағдарламаның саяхатшылар үшін тиімді тұсы көп. Бейтаныс қаладан жақын таныстар тауып, олармен онлайн-чатта әңгіме-дүкен құра алады.

5fa9701e88c1d2c07c9c26d99b7344d3 Саяхатшыларға арналған пайдалы интернет-порталдар
©voyagers.world

2.Workaway.info

Бұл порталда әлемдік 135 елдің жұмыс орындары қамтылған. Егер барған қалаңыздан уақытша жұмыс істегіңіз келсе, осы бағдарлама сізге көмектеседі. Мұнда ұсынылатын жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, үй жинаушы қызметі немесе фермадағы ауыр қызмет түрі, т.б.

d11445c9ca6d963a807842bf811c03ad Саяхатшыларға арналған пайдалы интернет-порталдар
©re-cognition.info

3. Momondo

Авиабилеттерді іздеу мен қонақүйлерді брондау, автомобильдерді жалға алу үшін Momondo сайтын қолдануға болады. Ақша шығындамай барған уақытыңызға сай алдын ала брондасаңыз, ақшасын барғасын төлеуге болады. Порталдың блог бөлімінде тәжірибелі саяхатшылармен танысып, біраз нәрсені сұрай аласыз.

68652021fd9eef160fcf1e0c26cec9db Саяхатшыларға арналған пайдалы интернет-порталдар
©flashpacking4life.de

4. Tripster

Егер жеке саяхатқа шықсаңыз, портал арқылы өзіңізге гид таба аласыз. Оның бағасын өзіңізге қолайлы етіп таңдауға да болады. Сондай-ақ саяхатқа шықпас бұрын мазалаған сұрақтарыңызға осы сайттан жауап таба аласыз.

6. izi.TRAVEL

Саяхат кезінде орыстілді аудиогидті қажет десеңіз, осы порталдан табуға болады. Ал баратын елдің маршруттар тізімі мен сол ел туралы қызықты мәліметтерді ала аласыз.

5c2cdf9e7badacbc2729b520a149f3a4 Саяхатшыларға арналған пайдалы интернет-порталдар
©academy.izi.travel

7. Смородина

Ресейге саяхат жоспарлағандар үшін Смородина тиімді портал. Мұнда көрікті жерлер картада арнайы белгіленіп тұрады. Ал қонақүйлер мен оған жақын тамақтанатын орындарды сайттың картасынан оңай табуға болады.

45a549ffe565d91a12b240adcdef7111 Саяхатшыларға арналған пайдалы интернет-порталдар
©sergeydolya.livejournal.com

8. osmino Wi-Fi

Өзіңіз аралаған мемлекеттің не қаланың тегін интернет қызметін пайдаланғыңыз келсе, бұл бағдарлама сізге автоматты түрде қосып береді. Барлық нүктелердің алыс-жақындығын интернеттің қосылуынсыз қараға болады. Ерекшелігі — саяхатшылар үшін интернетсіз кез келген ақпаратты пайдалануға мүмкіндік бар.

fa4d8bb8d857bd87d7ed8cdb41c0bcbd Саяхатшыларға арналған пайдалы интернет-порталдар
©apps.mob.org.ru

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!