1. Couchsurfing

Бұл — саяхатшылардың барған қаласынан жаңа достар табуға ыңғайлы бағдарлама. Халықаралық деңгейдегі бағдарламаның саяхатшылар үшін тиімді тұсы көп. Бейтаныс қаладан жақын таныстар тауып, олармен онлайн-чатта әңгіме-дүкен құра алады.

©voyagers.world

2.Workaway.info

Бұл порталда әлемдік 135 елдің жұмыс орындары қамтылған. Егер барған қалаңыздан уақытша жұмыс істегіңіз келсе, осы бағдарлама сізге көмектеседі. Мұнда ұсынылатын жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, үй жинаушы қызметі немесе фермадағы ауыр қызмет түрі, т.б.

©re-cognition.info

3. Momondo

Авиабилеттерді іздеу мен қонақүйлерді брондау, автомобильдерді жалға алу үшін Momondo сайтын қолдануға болады. Ақша шығындамай барған уақытыңызға сай алдын ала брондасаңыз, ақшасын барғасын төлеуге болады. Порталдың блог бөлімінде тәжірибелі саяхатшылармен танысып, біраз нәрсені сұрай аласыз.

©flashpacking4life.de

4. Tripster

Егер жеке саяхатқа шықсаңыз, портал арқылы өзіңізге гид таба аласыз. Оның бағасын өзіңізге қолайлы етіп таңдауға да болады. Сондай-ақ саяхатқа шықпас бұрын мазалаған сұрақтарыңызға осы сайттан жауап таба аласыз.

6. izi.TRAVEL

Саяхат кезінде орыстілді аудиогидті қажет десеңіз, осы порталдан табуға болады. Ал баратын елдің маршруттар тізімі мен сол ел туралы қызықты мәліметтерді ала аласыз.

©academy.izi.travel

7. Смородина

Ресейге саяхат жоспарлағандар үшін Смородина тиімді портал. Мұнда көрікті жерлер картада арнайы белгіленіп тұрады. Ал қонақүйлер мен оған жақын тамақтанатын орындарды сайттың картасынан оңай табуға болады.

©sergeydolya.livejournal.com

8. osmino Wi-Fi

Өзіңіз аралаған мемлекеттің не қаланың тегін интернет қызметін пайдаланғыңыз келсе, бұл бағдарлама сізге автоматты түрде қосып береді. Барлық нүктелердің алыс-жақындығын интернеттің қосылуынсыз қараға болады. Ерекшелігі — саяхатшылар үшін интернетсіз кез келген ақпаратты пайдалануға мүмкіндік бар.

©apps.mob.org.ru