Министрдің айтуынша, еліміздің еңбек нарығындағы жағдай қалыпты.
«Осы жылдың наурызында жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды. Еңбекақының өсуі байқалды. Ерекше атап өтетіндей, ағымдағы жылғы наурызда орташа айлық еңбекақы нақты көріністе 2,4% өсіп, 153,2 мың теңгені құрады», — деді ол.
Тимур Сүлейменовтың айтуынша, есептік кезеңде ЖІӨ өсуі 4,1 пайызды құраған. Ол 2017 жылы 3,6% болған еді. Министр оны өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көрсетілетін қызметтер саласының өсуімен, инвестициялардың жоғарғы өсімі мен төмен инфляциялық процестермен байланыстырды.