ФИФА рейтингісінде Қазақстан 17 сатыға көтерілді

Германия әлемнің ең мықты командасы мәртебесін сақтап қалды. Екінші кезекте Бразилия келеді, ал үшінші орында Бельгия құрамасы тұр. Қазақстан құрамасы наурыздағы 136-орыннан 119-орынға көтерілді.

Еске салайық, өткен айда Станимир Стойлов бастаған Қазақстан құрамасы Венгрия (3:2) және Болгариямен (1:2) ойнаған болатын.

12 сәуірдегі ФИФА рейтингі:

1 (1). Германия — 1533 ұпай

2 (2). Бразилия — 1384

3 (5). Бельгия — 1346

4 (3). Португалия — 1306

5 (4). Аргентина — 1254

6 (8). Швейцария — 1179

7 (9). Франция — 1166

8 (6). Испания — 1162

9 (10). Чили — 1146

10 (6). Польша — 1118

30 (35). Украина — 777

66 (63). Ресей — 493

75 (115). Қырғызстан — 424

79 (93). Беларусь — 410

88 (72). Өзбекстан — 381

94 (86). Эстония — 364

96 (101). Грузия — 362

98 (91). Армения — 347

118 (124). Тәжікстан — 271

119 (136). Қазақстан — 269

126 (127). Әзербайжан — 245

129 (114). Түрікменстан — 242

133 (147). Литва — 229

139 (131). Латвия — 217  173 (170). Молдова — 98

ДереккөзSports.kz