Станимир Стойлов «Астана» командасымен келісімшартын ұзартады

Астаналық футбол командасы Станимир Стойловтың бастауымен алдағы жұмада Біріккен Араб Әмірлігіне аттанады. Онда УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 кезеңі аясында өтетін тарихи кездесуге дайындық жұмыстарын жүргізбек.

«Осы уақытқа дейін «Астана» командасымен жұмыс жасауды жалғастырғым келетінін жасырған емеспін. Соңғы жылдары өте үлкен нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлер тарапынан қызу қолдауға ие болдық. Шынын айтсам, Астана мен Қазақстан менің екінші Отаным сияқты болып кетті. Алдағы «Спортингке» қарсы кездесуде лайықты өнер көрсетіп, клубымыздың абыройын асқақтатамыз деген сенімдемін,» — деді Станимир Стойлов клубтың баспасөз қызметіне.

Айта кетейік, осы маусымда «Астана» тұңғыш қазақстандық команда болып Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.

ДереккөзSports.kz