12-14 сәуірдегі ауа райына болжам

Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді.

Еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарына Орта Азиядан жылы ауа келеді. 13 және 14 сәуірде күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 20-25 градус аралығында жылы болса, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін жылынады, ал шығыста термометр бағаны 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланған. 12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады.

12 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.