Әр квартал, әрбір көше жөнделіп, ретке келтіріледі — Бауыржан Байбек

Бұдан бөлек қала басшысы тиісті басқармалары мен коммуналдық қызметіне жүргінші аймағы мен жаяужолдарды ұлғайтуды, жасыл желекті түзеуді, тарихи ғимараттардың сыртына ежелгі келбетін қайтаруды тапсырды.

«Қаланың тарихи орталығын жаңарту —  таяу арада  атқарылатын үлкен жұмыстардың басы ғана. Қазір біз асфальт, түрлі құрылыс нысандарын, өзі әдемі болғанымен сыртына түсініксіз нәрселер жапсырылған ғимараттарды көріп жүрміз. Әр квартал, әрбір көше жөнделіп, ретке келтіріледі. Алматының бұрынғы тартымдылығын қайтаратын уақыт жетті», — деді  Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі күрделі жөндеуден өтетін бірқатар жер асты өтпелі жолдарды аралап көрді. Бауыржан Байбек жол жөндеу кезінде жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуді тапсырды.

Биыл Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы мегаполисті жаңғырту және «Алматыны дамытудың 50 драйвері» жобасы аясында қаланың тарихи орталығын жаңарту одан әрі жалғасады. Ғимараттардың сырты жаңарып, жүргінші аймақтары кеңейеді.

null

Айта кету керек, бір апта бұрын Бауыржан Байбек  аяқжолдардың бойында түрлі құрылыс жүргізіп, жаяу жүргіншілерге көп кедергі келтіретін тұлғаларды анықтау жөнінде тапсырма берген еді.

Биыл қалада ұзындығы 155 шақырым болатын 157  көше жөнделеді.  Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдары алынады. Жол жиегін жөндеу барысында тротуарлар абаттандырылып, арық науалары алмастырылады.

null

Дереккөзkazinform.kz