KASE-тің мәліметінше, бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 319,67 теңгені құрады.
Кешегі күнмен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,23 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 318,8 теңге, ал ең жоғарғысы 319,9 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 54 млн долларды құрады.