Ақмола облысы мен Канаданың сауда айналымы 12 миллион АҚШ долларын құрады

Ақмола облысы мен Канада арасында ынтымақтастық сонау 2004 жылдан бастау алады. Сол уақыттан бері өңірге осы елден ауыл шаруашылығы техникалары мен ірі қара көптеп әкелінуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі жақты сауда айналымы 12 миллион АҚШ долларын құраған. Осы орайда, тауар айналымы негізінен импорттық тауарлардың үлесіне тиесілі. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары бар. Әсіресе, ақшамен есептегенде экспорт үлесі жоқтың қасы болғанымен импорт үлесі ағымдағы жылдың сегіз айында 9 миллион долларға жеткен.

Кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен қаралды. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Ақмола өңірінде аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

«Соңғы жылдары облыс диқандарының табысы да толағай. Облыста еліміздегі астықтың төрттен бірі алынады. Мал шаруашылығын дамыту, ет, сүт өнімдерін дайындау, экспорттау бойынша да Ақмола облысына үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Әсіресе, Астана қаласы маңында азық-түлік белдеуін дамыту бағытында да біраз жұмыстар атқарлып жатыр. Сонымен қатар, өңірде өнеркәсіп саласы да жақсы дамыған. Соңғы жылдары облысымызға Канада елінен ауыл шаруашылығы техникалары мен ірі қара жеткізілуде. Мұны екі жақтың сауда-саттық байланысының жетістіктер деп білеміз», – деді Егор Каппель өз сөзінде.