Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады

Баға өсімі гормональдік препараттар сегментінде байқалады. Бағалар 20,5%-ға дейін артқан. Сондай-ақ, анальгетиктер бір жыл ішінде 12,7% және асқазан дәрілері 9,1% қымбаттаған.

Бір жыл ішінде дәрі бағасының қымбаттау деңгейі Алматы (14%), Маңғыстау (11,9%) және Атырау (10,9%) облыстарының тұрғындарына қатты сезілген.

Ал, Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек бағасы өзгермеген, мұндағы жылдық қымбаттау деңгейі — 0,9%.

Зерттеу нәтижесі бойынша, фармацевтикалық өнімдердің өндірісі құндық шамада 2018 жылдың екі айында 13,19 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2017 жылдың I тоқсанындағы көрсеткіштен 13%-ға жоғары.

ДереккөзBaq.kz