Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, оңтүстік бөлігінде дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, күндіз көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, ал күндіз Жалаңашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанайда күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.