«Қайрат» футзал командасының жаттықтырушысы ауысты

Пауло Рикардо Фигейро Силва алматылық клубпен 2 жылдық келісім-шартқа отырды. Егер құрама жақсы нәтиже көрсетсе, тағы екі жылға ұзартады.

41 жастағы жаттықтырушы бұған дейін Әзербайжан құрамасын және Ресейдің Юграсын баптап келді. Оның шәкірттері — 3 дүркін Ресей кубогының жеңімпаздары, Ресей чемпиондары, УЕФА кубогының иегерлері.

«Осы уақытта «Юграмен» шартымның мерзімі аяқталған жоқ. Сол секілді Какау да маусым соңына дейін «Қайратпен» жұмыс жасайды. Жаңа маусымнан бастап іске кірісетін боламыз. Қандай өзгерістердің болатынын уақытында көресіздер. Дәл қазір командаға кімдер келіп кімдердің кететінін айта алмаймын. Тек ғана шетелдік футболшылар емес жергілікті ойыншыларға да сенім артамын. Маған жүктелген тапсырма барлық жарыстарда жеңіске жету», деді жаңа жаттықтырушы.

Дереккөз24.kz