«Қайрат» Еременко кубогын төртінші рет жеңді

Ойын 7:3 есебімен аяқталды. «Қайрат» құрамындағы ирандық легионер Хоссейн Тайеби матч соңындағы голды салды. Дуглас жарыстың ең үздік ойыншысы, ал Игита үздік қақпашы атанды.

КПРФ, «Қайрат» пен «Норильский Никель» командалары топтық кезеңді 6 ұпаймен аяқтады. Ал латвиялық «Никарс» бірде-бір ұпай алмады.

Турнирде қай команда көп гол салса, сол жеңімпаз болады. Какау командасының салған гол саны басым түсіп, «Қайрат» аталған жарыста төртінші рет жеңіске жетті.

ДереккөзSport.inform.kz