Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары тағайындалды

Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы 1986 жылы 4 тамызда дүниеге келген. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін тәмамдаған.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірген. Әлеуметтану ғылымының магистрі.

2007 жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдарда қызмет еткен.

2013-2014 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, ақпараттық-талдау жұмыстары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

2014 жылдың қарашасынан 2016 жылдың сәуіріне дейін – Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Бұдан кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, стратегиялық даму бөлімінің басшысы болды.

2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың наурызына дейін — Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.