Орал қаласының автобустарына SMSBUS электронды төлем жүйесі енгізілуде

Қала әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, аталмыш жүйеде жолаушылар жолақыны ұялы телефон арқылы төлей алады. Қазіргі уақытта жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің 75 пайызына GPS қондырғылар орнатылған.

Бұдан өзге жақында Орал қаласы әкімдігінің Телеграм-бот қосымшасы іске қосылмақ. Ботта қаладағы балабақша, мемлекеттік қызметтер, спорттық үйірмелер туралы мағлұматтар болады. Осы арқылы кез келген тұрғын әкімдікке өз сұрағын қоя алады. Кері жауап беру қызметін де іске қосу көзделуде.

Айта кетейік, биылғы жыл аяғына дейін қаладағы барлық автобустар аталмыш жүйеге қосылмақ.

ДереккөзKazinform.kz