Астана қаласының Байқоңыр ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ерлан Каналимов Ермекұлы 1982 жылы 22 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген, ұлты — қазақ. Үйленген, төрт баласы бар.

Білімі: Диплом бойынша мамандығы «Экономист, заңгер», Астана қаласының Басқару Институтында 2003 жылы, Қазақстан-Ресей университетінде 2007 жылы білім алған.

12.09.2003 — 05.01.2005 жылдар аралығында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадрлық бөлімінің бас маманы;

05.01.2005 — 18.08.2005 жылдары «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі;

18.08.2005 — 01.02.2006 жылдары Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы;

01.02.2006 — 01.10.2007 жылдары Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі;

27.09.2007 — 01.10.2009 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі;

02.10.2009 — 12.08.2013 жылдары Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары;

12.08.2013 — 03.08.2015 жылдар аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Дағдарыс орталығы» КММ директоры;

2015 жылдың 3 тамызынан бастап «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.

Мемлекеттік марапаттары: 2005 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты; 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыруға белсене атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, 2015 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына арналған мерекелік медалі,  2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медалі, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалі, 2015 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік силығы «Ерен еңбегі үшін» медалі.

ДереккөзTengrinews.kz