28 наурыз Ресейде қаралы күн деп жарияланды

Бұған дейін Ресейдің бірнеше аймағында Кемероводағы өрттен ондаған адамның құрбан болуына байланысты қаралы күн жарияланған. Кемеровода құрбандарды еске алу мақсатында аяқ асты ұйымдастырылған акцияға қатысушылар билікті қаралы күнді «қаза тапқандардың саны анықталғанда ғана жариялады» деп кінәлады. Ресми дерек бойынша, өрттен 64 адам қаза тауып, 40-тан астам адам зардап шеккен.

Сейсенбі күні түске дейін Кемерово қалалық әкімдігі алдында митинг өтті. Шараға қатысқандар қайғылы оқиғаға жауаптыларды жазалап, қаза тапқандардың нақты санын айтуды талап етті. Қаза тапқандардың туыстары мен өрт кезінде сауда орталығында қамалып қалғандар ресми дерекке сенбейді.

«Зимняя вишня» сауда және ойын-сауық орталығында өрт 25 наурыз күні күндіз басталып, 26 наурыз күні таңертең сөндірілген.

Дереккөзbaq.kz