«ЕуроХим» моноқалаларда жайлы жағдай жасауда

Моноқалаларды дамытуға арналған кешенді жоспар бизнестің, азаматтар мен мемлекеттің мүддесін тоғыстырған құралға айналып отыр. Кешенді  жоспарларды бекіту ісіне моноқалаларда тұратын әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері атсалысуда. Сонымен бірге, тұрғындардың да өздері өмір сүретін ортаға деген көзқарасы өзгеріп, осы үрдіске атсалысу кезінде ойнайтын өз рөлін енді енді түсініп келеді.

Қазіргі таңда Ресейдің әртүрлі аймақтарындағы бірқатар қалалардың кешенді жоспарлары дайындалып қойылған. Жақында Пермь өлкесінің Березники қаласында 4 мыңға тарта тұрғынды жайғастыра алатын жаңа копроративтік шағын ауданның алғашқы тасын қалау салтанаты өтті. Ал Волгоград облысы Котельниково қаласында болса, корпоративтік шағын аудан ішінара салып бітірілген, таяу уақытта онда 10 мың адам қоныстанбақ. Мурманск облысы Ковдор қаласын дамытудың кешенді жоспарын облыстың үкіметі «ЕуроХим» компаниясының Ковдордағы тау-кен байыту комбитанымен бірлесе жүзеге асыруда. Сондай-ақ, «ЕуроХим» Новомосковск (Туль облысы), Невинномысск (Ставрополь өлкесі), Белореченск (Краснодар өлкесі), Кингисепп (Ленинград облысы) сынды өзінің кәсіпорындары жұмыс жасайтын басқа да қалалардың инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестиция құйып келеді.

2016 жылы «ЕуроХим» компаниясының тапсырысы бойынша Жаңатас қаласының 2050 жылға дейінгі кешенді даму жоспары дайындалып, Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы әкімдігіне тапсырылды. Компания осы ауданда өндірісті дамыту жөнінде ұзақ мерзімді жоспарларды қойып отыр және де әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорын ретінде өңірдің дамуына үлкен қаржы құюда. Кешенді даму жоспарында қала құрылысы, жобалау және экономикалық шешімдер кешені қамтылған. Құжат моноқалаларды қайта өзгерту және жайлы қала ортасын құру кезінде жинақталған табысты әлемдік тәжірибені ескере отырып дайыдалған. Жоспар жаяу жүргіншілерге арналған жайлы жолбағдарды салуды, қоғамдық кеңістіктерді көріктендіруді, әлеуметтік-мәдени және ойын-сауықтық инфрақұрылым нысандарын орналастыруды көздейді. Қала ішінде мәдени ойын-сауықтық және жастар орталықтары көтеріліп, аулалар балаларға арналған алаңдармен жабдықталатын болады, сондай-ақ, базар қайта жаңғыртылып, тағы да басқа шаралар жүзеге асырылмақ.

«Бүгін таныстырылған жоспар қаланың дамуына жаңа қозғау салып, даму көкжиегін кеңейтпек. Жаңатастың болашағы зор екеніне біз сенімдіміз. Жергілікті билікпен, бизнесмендермен және қаланың тағдырына бей-жай қарамайтын тұрғындармен ынтымақтаса отырып, моноқаланы жаңғырту жоспарын жүзеге асырып, оны Қазақстан халқы және инвесторлар үшін мейлінше тартымды ете аламыз деп үміттенеміз», — деп атап өтті «Еурохим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышев.

Қазіргі таңда ЕуроХим компаниясы Жаңатас қаласында минералды шикізатты химиялық жолмен қайта өңдейтін және минералды тыңайтқыштарды шығаратын кешенді салудың екінші кезеңін жүзеге асыруда. Жаңатаста тау-кен кешенін жобалау және салу жөніндегі жобаның бірінші кезеңі өткен жылы сәтті аяқталып бітті. Осы жобаны жүзеге асырудың арқасында Қазақстан қажетті минералды тыңайтқыштар топтамасымен қамтамасыз етілмек.