Басты бет / Жаңалықтар /
Ауа райы болжамы
Фото: Fluentu.com

28 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде нөсер жауын құяды. Тек елдің батысында және оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республиканың оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай ойнайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түнде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, түнде көктайғақ  күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетпек.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерде тұман түседі, Алматы облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ғ дейін жетеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram

Мақалаға пікір қосыңыз