Басты бетЖаңалықтарТалдықорғанда «Street...

Талдықорғанда «Street photo» атты шеберлік сабағы өтті

Шеберлік сағаттың мақсаты: әр суреттің тарих беттерінде қалу жолында қызмет етіп жүрген фотосуретшілермен тәжірибе алмасып, өз білгенімен бөлісу.

Фотосуретші өзінің жұмыстарымен үлкен экран арқылы «Көше суреттері жанры», стрит және локация слайдтарын көрсету арқылы таныстырды. Қылаң еткенді қағып алып, көрермен және оқырманға жеткізетін қырағы көз кәсіби фотосуретшінің бұл салада жүргеніне 7 жылдан астам уақыт болған. Бүгінде «IDEAHUB» шығармашылық бірлестігінің мүшесі, «Көктем New Generation» көрмесінің қатысушысы болып отыр.

Жалпы шеберлік сабағы екі кезеңнен тұрды. Бірінші теориялық сабақта камераны қалай қолданып, жұмыс істеу жолдары, шығармашылық ойларды қайдан алуға, қайдан іздеуге болатындығы туралы және «Көше суреттері» жанры жайлы айтылды. Екінші кезеңде Талдықорған қаласындағы «Сити плюс» ойын-сауық орталығы мен ескі ғимараттардың бірінде практикалық сабақ жүргізілді.

Фотосуретші
©Алматы облысының баспасөз қызметі

Фотосуретші бүгінде ұялы телефонмен түсіру форматына көшкен. Себебі, ол өзіңмен алып жүруге ыңғайлы, әрі уақыт жағынан да ұтымдырақ екен. Практикалық сағатының жаңалығы да, үйретері де осы ұялы байланыстың көмегімен жүзеге асты.

«Көшені суретке түсірудің тағы бір маңызды аспектісі – суреттің алдын-ала келісусіз түсірілетіндігінде. Сондықтан, қоғамдық іс-шараларда түсірілген фотосуреттер кездейсоқтықпен ерекшеленіп тұрады»,- деді Манат Серікбайұлы.

Фотосуретші Манат Серікбайұлы
©Алматы облысының баспасөз қызметі

Шеберлік сабағына Талдықорған қаласының фотосуретшілері мен суретке түсіруді жаңадан бастап келе жатқан жас буын өкілдері қатысты. Шара соңында шеберлік сабағына келген қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, фотосуретшімен естелік суретке түсті.