Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, Есентай өзені, Весновка, ауа райы, ауа сапасы, туризм
Фото: Алматы әкімдігі

12 маусымда Алматының бірнеше ауданында жарық өшеді

Не болды?

«Алатау Жарық Компаниясы» жөндеуге байланысты Алматының бірнеше ауданында жарық уақытша өшетінін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

12 маусым күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жоғары вольтты электр желісін жөндеуге байланысты жарық болмайтын жерлер:

  • Айгерім-1 ықшамауданындағы Нәби көшесінің 209–243 және Бенберин көшесенің 95–129 аралығындағы жеке тұрғын үйлер;
  • Горный Гигант ықшамауданындағы тұрғын үйлер мен ғимараттар.

Сонымен қатар 12 маусымда сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін мына аумақтарда да жарық өшеді:

  • Жандосов, Тұрғұт Өзал, Сәтбаев және Түркебаев көшесі;
  • Қазыбек би, Шәріпов, Әйтеке би және Шағабутдинов көшесінің бірқатар аумағында;
  • Төле би, Тұрғұт Өзал, Дүйсенов және Түркебаев көшесінде;
  • Тастыбұлақ ықшамауданында;
  • Ақжал ықшамауданында және Мырзалиев, Әбділдин, Алатау көшесінде;
  • Қалқаман-2 және Таусамалы ықшамауданында, 7-көше, Хрищатый және Иманов көшесінде;
  • Алтай-2 ықшамауданы мен Захаров, Наманган көшесінің бір бөлігінде;
  • Бегалин, Ватутин, Қабанбай батыр, Лазо, Аманжолов және Вишневая көшесіндегі бірқатар үй мен ғимаратта;
  • Каменское плато, Горный Гигант, Ақтөбе ықшамауданы мен бірнеше бау-бақша серіктестігінде;
  • Радлов, Сахариев және Шымбұлақ көшесіндегі тұрғын үй мен кәсіпорындарда.

13 маусым күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін трансформатор қосалқы стансасындағы жөндеуге байланысты Дүйсенов, Механикалық, Розыбакиев көшесі мен Райымбек даңғылы бойындағы нысандар электр қуатынсыз қалады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыдағы Әл-Фараби көшесі уақытша жабылады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram