Не болды?
Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы (FIFA) футболдан әлем чемпионатының ресми әнұранын таныстырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
DNA деп аталатын туындыны әлемге әйгілі Андреа Бочелли, француз диджейі әрі продюсері Дэвид Гетта, әнші Меган Зе Сталион және оңтүстіккореялық орындаушы EJAE бірлесіп әзірлеген. FIFA мәліметінше, композиция үш ел мен 16 қалада өтетін әлем біріншілігінің ауқымы мен рухын бейнелейді. Биыл турнирде 48 ұлттық құрама бақ сынайды.
Әнұран алғаш рет 11 маусымда Мехикода өтетін әлем чемпионатының ашылу рәсімінде шырқалады. Сахнада Андреа Бочелли мен EJAE өнер көрсетеді, іс-шараға Дэвид Гетта да қатысады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Сауд Арабиясы футбол жанкүйерлеріне әлем чемпионатына тегін билет берді.
