«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында және Астана қаласының 20 жылдығы мен Наурыз мерекесіне орай, 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда ойын-сауық орталығынан басталады.
Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс — қазақ тілінде, екінші рейс — орыс тілінде, ауысу арқылы).
Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.
«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- — сағ. 10.00 (қазақ тілінде);
- — сағ. 12.05 (орыс тілінде);
- — сағ. 14.30 (қазақ тілінде);
- — сағ. 16.35 (орыс тілінде);
- — сағ. 18.40 (қазақ тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар арқылы жүреді: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «MEGA SilkWay» СОСО, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.
- «MEGA Silkway» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- — сағ. 10.00 (қазақ тілінде);
- — сағ. 12.05 (орыс тілінде);
- — сағ. 14.10 (қазақ тілінде);
- — сағ. 16.40 (орыс тілінде);
- — сағ. 18.45 (қазақ тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар арқылы өтеді: Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.